Икигай-распаковка. Алматы және онлайн

Екі сағатта өз ісіңді тап

Сен не істеу керектігін білмейсің, уақыт өтіп жатыр, ал айналадағылардың кеңесі көмектеспейді. Распаковка — өз жауаптарыңнан құрылған бағыт. Кеңес емес, шешім.

Алғашқы 15 минут тегін. Сұрағыңды нақтылаймыз, сосын шешесің.

300+сағат распаковка тәжірибесі
1,5–2сағат бір сессия
3нақты бағыт гипотезасы
Saida
01

Қай жаста болсаң да, «менікі» деген іс керек

Студент, 22
Мамандықты таңдадым, оқып бітірдім, енді басқа нәрсе істегім келеді

Қазақстанда жас мамандардың 40%-дан астамы мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Сен жалғыз емессің, бірақ жылдарды жоғалтудың қажеті жоқ.

Ана, 31
Бәріне үлгеремін, ал өзіме уақыт та, бағыт та жоқ

Отбасы, бала, туыстар. Өз ісің болу — өзімшілдік емес. Ол отбасымен де, сеніммен де үйлеседі.

Маман, 35
Жақсы жұмыс, жақсы айлық, ал іштей бос

Күйіп кету — жалқаулық емес, бағыттың дұрыс еместігінің белгісі. Нені өзгерту керек: жұмысты ма, форматты ма, әлде көзқарасты ма — соны анықтаймыз.

Зейнеткер, 66
Бос уақытым көп. Той мен немерелерден бөлек, жаныма жақын іспен айналысып, рахаттанғым келеді

Зейнет — тоқтау емес, жаңа кезең. Распаковкада ондаған жылғы тәжірибең мен қызығушылығыңнан жаныңа жақын істі табамыз.

Икигай-талдау осы сынды сұрақтарды бар-жоғы екі сағатта толықтай қамтиды. Өз сөздеріңмен, өз тәжірибеңнен, дұрыс маманның сүйемелеуімен.


02

Икигай-распаковка деген не

Бұл 1,5–2 сағаттық құрылымды әңгіме. Мен 40-тан астам сұрақ қоямын, сен жауап бересің. Жауаптарыңды төрт шеңберге жинаймыз және олардың тоғысқан жерін табамыз. Сол жер — сенің икигайың.

Әдіс — Гүлбақыт Қожахметтің патенттелген авторлық методикасы. Әлем бойынша 20 000-нан астам адам өткен. Мен бұл әдіспен 300 сағаттан астам жұмыс істедім.

Бұл психологиялық көмек емес. Жарақатпен, күйзеліспен, диагнозбен жұмыс істемейміз. Бұл — таңдау мен бағыт туралы кеңес.
  • i
    Нені сүйесіңУақытты ұмытатын істер, балалық қызығушылық, сағаттап сөйлей алатын тақырып
  • ii
    Не істей аласыңБасқалар мақтайтын, ал сен қарапайым деп санайтын дағдылар
  • iii
    Әлемге не керекТегін болса да шешкің келетін мәселе. Қалдырғың келетін із
  • iv
    Не үшін төлейдіБір рет болса да ақша төлеген нәрсе. Өсіп жатқан салалар

03

Неге маманмен, неге ЖИ-мен емес?

Қазір көп адам икигай жүйесін түсінеді де, жауапты жасанды интеллекттен іздейді. Бұл оңай көрінеді, бірақ көбіне уақыт алады, басыңды қатырады және қате бағытқа апарады.

ЖИ — жақсы құрал, бірақ бағыт табылғаннан кейін. Распаковкадан шыққан жоспарды іске асыруға оны еркін қолдана бер.
  • i
    ЖИ тек сұрағаныңа жауап бередіОл сенің промптыңнан аспайды. Ал адам өзі туралы жазғанда өз қорқыныштары мен «тарақандарын» сұрақтың ішіне қоса салады. Нәтижесінде ЖИ шын әлеуетіңді емес, күмәніңді растап береді.
  • ii
    Маман айтпағаныңды естидіКідірісті, қайшылықты, көзің жанған сәтті байқайды. Шынайы әлеует көбіне дәл сол жерде жатады, оны мәтінмен жеткізу мүмкін емес.
  • iii
    Промпт дайындаудың қажеті жоқДайындықсыз келесің. Сұрақтарды мен қоямын, сен шынайы жауап бересің. Бірнеше күндік чаттың орнына — екі сағат.
  • iv
    Сырттан көзқарас — бірденТірі адам маман ретіндегі ойын сол сәтте айтады, қарсы сұрақ қояды және «дұрыс естілетін» жауапқа тоқтап қалмайды.
04

Қалай өтеді

  1. 1

    Сұрақты нақтылау

    WhatsApp-та немесе 15 минуттық қоңырауда не түсінгің келетінін айтасың.

    15 минут, тегін
  2. 2

    Распаковка сессиясы

    Zoom немесе Алматыда кездесу. Төрт шеңбер бойынша сұрақтар, жауаптарыңды бірге талдаймыз.

    1,5–2 сағат
  3. 3

    Синтез

    Икигайыңды бір сөйлеммен тұжырымдаймыз, 2–3 нақты бағыт және алғашқы қадамдар.

    сессияның соңғы 20 минуты
  4. 4

    Жазбаша қорытынды

    Күшті жақтарың картасы және жоспар. Үш күн бойы сұрақтарыңа жауап беремін.

    2–3 күн ішінде
05

Сессиядан кейін қолыңда не болады

Распаковкадан «жақсы әңгіме» емес, қағазға түскен нәтижемен шығасың. Оны ертең-ақ қолдануға болады.

  • 01
    Бір сөйлемдік икигай«Мен [кімге] [не алуға] [не арқылы] көмектесемін». Айқын, өз сөзіңмен.
  • 02
    Күшті жақтар картасыЖауаптарыңмен дәлелденген 5–7 қасиет. Енді оларды артықшылық ретінде айта аласың.
  • 03
    2–3 бағыт және жоспарТөрт шеңбер бойынша бағаланған гипотезалар және 2–4 аптаға алғашқы қадамдар.
06

Қай шеңберді елемей жүрсің?

Сегіз тұжырым, екі минут. Нәтижеде қай шеңберің күшті, қайсысы әлсіз екенін көресің.

Бұл дәл диагностика емес, ойлануға арналған құрал. Жауаптар тек жалпы статистикада, аноним түрде есептеледі.


07

Аида Бақыт, немесе жай ғана Saida

Saida Алматы, 2026
Мен адамдарға не істеу керектігін кеңеспен емес, сұрақпен табуға көмектесемін. Өзім де бір кездері осы әдіс арқылы жолымды таптым.
  • 300+ сағат жеке распаковка сессиялары
  • Әдіс авторы Гүлбақыт Қожахметтің жеке оқытуынан өткен маман
  • 2014–2018: Жамбыл жоғары медициналық колледжінің түлегі
  • Фельдшер, мейірбике, косметолог, массажист
  • Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенті
  • Қазақша және орысша, жақында ағылшынша. Алматы және онлайн
  • Сеніммен үйлесетін, отбасылық құндылықтарды құрметтейтін тәсіл

Instagram @_sakentai


08

Бір шешім сессияның құнын өтейді

50 000 ₸бір сағат үшін. Распаковка 1,5–2 сағатқа созылады, нақты ұзақтығын алғашқы тегін әңгімеде келісеміз.
  • Сессияға дейін сұрақты нақтылау15 мин, тегін
  • Жеке распаковка, Zoom немесе Алматы1,5–2 сағат
  • Жазбаша қорытынды: икигай, карта, жоспар2–3 күн
  • Мессенджерде сұрақтарға жауап3 күн

Уақытты таңдау

Салыстыр: сүймейтін жұмыста өткен бір жыл — ол тек ақша емес, 2 000 сағат өмір. Распаковка оны екі сағатқа айналдырады. Алғашқы 15 минут әңгімеден кейін сессия керек емес деп шешсең, ешқандай міндеттеме жоқ.
Жасөспірімге (14+) арналған распаковка ата-анамен бірге жүргізіледі. Жұп немесе топтық формат — сұрау бойынша.

09

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл психологқа барумен бірдей ме?

Жоқ. Распаковка — таңдау мен бағыт туралы құрылымды әңгіме. Психологиялық көмек емес және оны алмастырмайды. Эмоционалдық жағдайыңа байланысты сұрақ болса, тиісті маманға жүгінуді ұсынамын.

Мен өзімді онсыз да білемін. Не жаңалық болады?

Сен фактілерді білесің. Распаковка фактілердің арасындағы байланысты көрсетеді. Іштен тұрып оны көру қиын, сондықтан сырттан құрылымды сұрақ керек.

Ештеңе таппасақ ше?

Әрқашан табамыз. Сұрақтар кем дегенде үш гипотеза шығатындай құрылған. Сен «ақиқат жауапты» емес, өз жауаптарыңнан туған бағытты аласың.

Онлайн формат жұмыс істей ме?

Иә. Сессиялардың көбі Zoom-да өтеді. Тыныш орын, екі сағат бос уақыт және блокнот керек.

Бұл сенімге қайшы келмей ме?

Жоқ. Әдісте дінге қайшы ештеңе жоқ: тек сұрақтар мен сенің жауаптарың. Сенің құндылықтарың сессияның бір бөлігі, оларды ескереміз.

Қалай төлеймін?

Kaspi аударымы немесе шот бойынша. Сессия алдында шарттарды жазбаша растаймыз: ұзақтығы, бағасы, құпиялылық.

Бағытыңды тауып алатын кез келді

WhatsApp-қа «ИКИГАЙ» деп жаз. 15 минуттық тегін әңгімеде сұрағыңды нақтылаймыз, сосын шешесің.

WhatsApp-қа жазу
Алғашқы 15 минут тегінWhatsApp →